Шымкентте полицейлер балаларға жол қозғалыс ережесін түсіндіруде
Шымкентте полицейлер балалар арасында жол қозғалыс ережесін түсіндіруде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
23 тамыз және 1 қыркүйек аралығында Шымкент қаласы аумағында «Абайлаңыз – балалар!» іс-шарасы өтуде. Оның басты мақсаты – автомобиль жолдарындағы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол апаттарының алдын алу, жасөспірімдер жарақатын азайту және балалар арасында жол қозғалыс ережесін насихаттау болып табылады.
Осы ретте Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау ауданы Полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторлары Қаратау ауданында орналасқан С. Нұрмағамбетов атындағы №72 жалпы орта білім беретін мектебінде іс-шара негізінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Полиция қызметкерлері тарапынан жасы кәмелетке толмаған балалардың ата-аналарына, сондай-ақ жасөсіпірімдерге жол жүру ережесін сақтау, жаяу жүргінші бағдаршамның тек жасыл түсіне өту керекігі түсіндірілді. Жол жүрісінің өзге де қатысушылары жол жүрісі қағидаларының талаптарын орындамауы Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 615-бабына сәйкес жауапкершілікке әкеп соқтыратыны туралы айтылды.