Қарағандыда 21 жастағы велосипед ұрысы қамауға алынды
Қарағандыда велосипед ұрлаған 21 жастағы жігіт ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
23 тамызда Қарағанды қаласының ПБ Киров полиция бөліміне 31 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреу түнгі уақытта көпқабатты үйдің подъезіне қалдырған веловипедті ұрлап кеткен. Бұл факті бойынша полиция ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғады.
25 тамызда жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде криминалды полиция қызметкерлері күдікті 21 жастағы жас жігіт ұстады. Сотқа дейінгі тергеу кезінде полиция қызметкерлері күдіктінің тағы да үш қылмыс істегенін анықтады. Түнгі уақытта көпқабатты үйлерді торып, подъезге қалдырған велосипедтерді ұрлап отырғаны белгілі болды. Айғақты заттар алынып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.