Павлодарда 6 мыңнан астам жүргізуші қауіпсіздік белбеуін тақпағаны үшін жауапқа тартылды
Павлодар облысында полицейлер жол ережесін елемейтін жүргізушілерді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
(Қауіпсіздік белбеуі | 4:42 – 5:35)
Өңірде жыл басынан бері қауіпсіздік белбеуін тақпағаны үшін 6416 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Павлодарда бір күннің ішінде жедел басқару орталығының камералары арқылы полиция қызметкерлері осы маңызды ережені елемейтін 20 жүргізушіні анықтады. Бұл үшін оларға 5 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуге тура келді.