Қызылордада карантин талаптарын бұзған 306 құқықбұзушы анықталды
Қызылордада карантин талаптарын бұзған 306 құқықбұзушы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының учаскелік полиция испекторларымен құрылған мониторингтік топпен күнделікті сауда нысандары, ойын-сауық орындары, ресторандар мен кафелерде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Қызылорда қаласының арнайы мониторингтік топ құрамына басқарманың 16 учаскелік полиция инспекторлары бекітіліп, қазіргі таңда 16 мониторингтік топпен күнделікті рейдтік жұмыстарын жүргізуде.
Мониторингтік топ мүшелерімен жыл басынан карантин талаптарын бұзуға қатысты 5 710 нысан араланып, оның ішінде карантин талаптарын бұзған 306 құқық бұзушылық анықталып (оның 87-дерегі той, қалғаны жекелеген нысандар), жауапкершілікке тарту мақсатында құжаттар тиісті үйлестіру орталығына (СЭС) жолданып, қазіргі таңда оның 159-на шара көрілді.