Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда сотталғандар арасында тілдерді білуден байқау өтті

Павлодар колониясында сотталғандар арасында тілдерді білуден байқау өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан халықтарының тілдері күнін мерекелеу қарсаңында АП-162/10 минималды қауіпсіздік мекемесінде “Эрудитті лингвист” деп аталатын шара өтті. Байқау бірнеше кезеңнен тұрды. Қатысушылардың міндеті – транскрипцияны дұрыс құрастыру, жұмбақтардың шешуін тауып, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жауап беру. Жауапты басқа тілде айту мүмкіндігі қосымша ұпаймен бағаланды.

Сотталғандар Қазақстан, Ресей, Татарстан және Англия сияқты елдердің тілдерінде әнұран айтты.

Абай Құнанбаевтың “Басқа халықтың тілі мен мәдениетін білу адамды осы халықпен тең етеді” деген эпиграфы осы байқауда көрініс тапты.

Байқаудың жеңімпазына қазақша-орысша сөздік табысталды.

– Мен іс-шара үшін мекеме әкімшілігіне ризашылығымды білдіргім келеді. Барлығы өте қызықты және мазмұнды болды. Тілдерді білу – шын мәнінде үлкен күш, – деп қорытындылады сотталушылардың бірі.

Байқауға барлығы он сотталушы қатысты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру