Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда жасөспірімдерге қатысты жасалатын зорлық-зомбылықтың алдын алу тақырыбында онлайн-конференция өтті

Атырауда жасөспірімдерге қатысты жасалатын зорлық-зомбылықтың алдын алу тақырыбында онлайн-конференция өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының ұсынысымен ZOOM платформасында облыстағы барлық білім беру ұйымдары басшыларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен Атырау облыстық әдістемелік орталығы қызметкерлерінің қатысуымен онлайн-конференция өткізілді. Кездесу спикері Атырау облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Орынгүл Көшқалиева балалардың қауіпсіздігі, құқық бұзушылықтардың алдын алу және де балаларға қатысты жыныстық қолсұғушылыққа жол бермеу тақырыптарын түсіндірді. 

– Жасөспірімдердің қылмыс жасауының себептерін қарастырар болсақ, ол кейбір ата-аналардың бала тағ­ды­рына алаңдамауынан, оларды өз беттерінше қалдырып, мектептен тыс бос уақыттарында немен шұғылданып жүрген­дерін қадағаламауынан орын алады.
Онымен қоса, сан ғасырдан бері дертке айналған арақ-шарап, есірткі, темекі, түнгі ойынханалар, маскүнемдікке салынған ата-ана, толық емес отбасы тағы да бар.
Қазіргі таңда кәмелет жасқа толмаған балаларды зорлау фактілері отбасында туыстары, отбасының таныстары және өгей әкелерінің тарапынан орын алуда. Және де мұндай фактілер жәйсіз отбасы санатында есепте тұрған отбасылардан тіркелген жоқ. Сондықтан да балаларды ондай қауіптен қорғау мақсатында құқық қорғау органдарымен қатар ата-ананың, мектеп, арнаулы оқу орындары мен басқа да мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың қадаға­лауын талап етеді, – деді Ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Орынгүл Көшқалиева.

Айта кетейік, жиын барысында тараптардың сұрақтары тыңдалып, жауаптары берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру