Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да пробация қызметкерлері сотталғандардың балаларына көмектесті

ШҚО-да пробация қызметкерлері сотталғандардың балаларына мектепке дайындалуға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Семей қаласының Әуезов аудандық пробация қызметкерлері еріктілермен бірге оқу жылына балаларды дайындауға қажетті көмек көрсетіп келеді. Ал биыл 15-ке жуық сотталушының отбасына мектепке дайындалуға көмектесті.

Пробация қызметінің қызметкерлері мен еріктілері балалармен және олардың ата-аналарымен кездесті, дәстүрлі науқан шеңберінде оларға оқуға қажет заттар (портфельдер, кеңсе тауарлары, қаламдар мен дәптерлер, өшіргіштер мен қарындаштар, оқу құралдарына ыңғайлы пеналдар) берілді.

– Біз пробация қызметкерлері – өзіміз де ата-анамыз. Біз баланы мектепке дайындаудың қиын екенін білеміз. Білім беру мекемесінің барлық талаптарын орындауға кейбір отбасының мүмкіндігі жоқ. Сондықтан да біздің қызметкерлер жыл сайын шынымен мұқтаж адамдарға көмектесуге тырысады. Еріктілер көп жылдар бойы бізбен бірге қайырымдылық шараларына белсенді қатысқаны үшін қуаныштымын, – дейді Әуезов аудандық пробация қызметінің басшысы Б.Малғаждаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру