Ақтөбе облысында жол апатынан екі адам көз жұмды
Ақтөбе облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, үш адам зардап шекті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2 қыркүйек сағат 19.00-де 38 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Chevrolet Aveo» автокөлігінің жүргізушісі Хромтау ауданы, Карлау кентінің жанындағы «Самара-Шымкент» автожолының 915 шақырымында Хромтау қаласы жағынан Қарабұтақ кенті бағытында келе жатып, басып озу кезінде, келе жатқан көлік құралдарына қарсы бағытта кедергі келтірмейтініне көз жеткізбей, рөлді басқара алмай, көлік құралының қозғалысы барысында оң жаққа аударылуына жол берді.
ЖКО салдарынан жүргізуші мен бір жолаушы көз жұмып, ал үш жолаушы Хромтау қаласының орталық ауруханасына жатқызылды.
ЖКО фактісі бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі (ЖҚЕ бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
– Талдауға сәйкес, қарама-қарсы жолаққа шығу, жолдарда адам өлімінің басты себептерінің бірі болды. Қарсы бағытқа шығу апаттардың ең қорқынышты салдары болып табылады және не үшін көлік құралдарының жылдамдығы жинақталатындығы түсінікті. Барлық апаттардың шамамен 40%-ы қарсы жолаққа шығуға байланысты болады, – дейді Ақтөбе облысы ПД бастығы А.Арыстанов.