Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы: «шулы» көліктер сараптамаға жіберілетін болады

Алматыда шулы және жылдам көлік жүргізуді ұнататындар жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен түнде Алматы жолдарында резонаторлар мен тікелей ағындарды қолдана отырып, көліктерді заңсыз қайта жабдықтаған 63 заң бұзушылық анықталды.

– Шулы және жылдам көлік жүргізуді ұнататындарға салынған айыппұл көлемі 1 миллион 800 мың теңгені құрады. Айыппұл тұрағына төрт көлік қойылды, 59 автокөлік иесінен мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері тәркіленді, ол кемшіліктер жойылғаннан кейін қайтарылады, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Алмасбеков.

Жыл басынан бері көліктерді заңсыз қайта жабдықтағаны, азаматтардың тыныштығын бұзатын резонаторлар мен тікелей ағындарды қолданғаны үшін екі мыңға жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға 91 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.

– Айта кету керек, құқықбұзушылар күркіреген әсер тудыратын түтін шығару жүйесінің ауыстырып, қосқышын мұқият жасырған фактілер де анықталуда. Мұндай жағдайларда көлік сараптамаға жіберіледі, зерттеуге кеткен шығынның орнын толтыру көлік иесіне жүктеледі, – деп түйіндеді Алмасбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру