Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері көршісінің ұялы телефонын ұрлаған екі ер адамды ұстады

Түркістан облысының полицейлері көршісінің ұялы телефонын ұрлаған екі ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан ҚПБ-ға ұрлықтың құрбаны болған жергілікті тұрғын арызданып келген. Оның айтуынша түнгі уақытта үйіне белгісіз азамат заңсыз кіріп, «Redmi 9» маркалы ұялы телефонын жымқырып кеткен. Жәбірленуші қызға келтірілген жалпы шығын көлемі 70 мың теңгеге жуық. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Ұрлық орын алған жерге полиция қызметкерлері келіп, оқиғаның қалай болғанын анықтады. Тексеру жұмыстарының нәтижесінде білікті полицейлер небары тәулік ішінде екі бірдей күдіктіні ұстады. Олар жәбірленушінің көршілері болып шықтын. Тәртіп сақшылары күдікті деп танылған екі азаматты полиция бөліміне жеткізді. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Белгілі болғандай күдікті екеу жәбірленушінің үйін сырттай бақылап жүрген. Осылайша күдіктілер тұрғындардың ұйқыға кеткенін күтіп, оңтайлы сәтті пайдаланып, өз арам ойларын жүзеге асырған. Содан соң ашық тұрған терезеден ішке еніп, жатын бөлмедегі ұялы телефонды ұрлап кеткен. Келесі күні қолды болған телефонды базарлардың біріне алып барып, бөлшектеп сатып жіберген. Ақшасын өзара бөлісіп, бас пайдаларының қажеттілігіне жұмсаған.

Өз кезегінде Түркістан облысы полиция қызметкерлері азаматтарға қырағы болуды ескертеді. Егер сіз бөтеннің мүлкін ұрлаудың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияның «102» нөміріне хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру