Ақмола облысы ПД-нің бастығы қызметкерлердің ата-аналары мен жас отбасыларды құттықтады
Отбасы күні қарсаңында Ақмола облысы ПД-нің бастығы қызметкерлердің ата-аналары мен жас отбасыларды құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Отбасы күнін мерекелеу қарсаңында Қазақстан Республикасында Ақмола облысы Полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзин қызметтік міндеттерді орындау кезінде ерекшеленген полиция қызметкерлерінің ата-аналарымен және полицейлердің жас отбасыларымен кездесті. Іс-шара карантиндік шараларды сақтай отырып өтті.
Бас ақмолалық полицей өзінің кіріспе сөзінде «әрбір адамның өмірінде ата-аналар үлкен рөл атқарады. Балалардың жетістіктері-оларды лайықты және дұрыс тәрбиелеген ата-аналардың еңбегі» деп атап өтті.
Полиция ведомствосының басшысы құрметті қонақтарға алғыс хаттар табыс етті. Монитор экранында полицейлердің ата-аналарына балаларының ерлік істері мен жақсы жұмысы туралы бейнесюжеттер көрсетілді.
Мәселен, полиция капитаны Аян Оспанов бөтеннің пәтерін тонамақ болған қаскүнемді қолға түсірді. Ол көзіне бұрыш спрейін шашқанына қарамастан, қарақшыға қарсы тұра алды. Өрт сөндірушілер келгенге дейін полиция аға лейтенанты Бауыржан Өмірзақов әріптестерімен бірге жанып жатқан дәмханадан газ баллонын алып шықты. Полиция мен Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің шебер және үйлесімді әрекеттерінің арқасында зардап шеккендер жоқ. Учаскелік инспектор полиция лейтенанты Данияр Советовтың адал қызметі туралы жергілікті тұрғындар жылы лебіздерін білдіруде.
Іс-шараға Полиция департаменті қызметкерлерінің үш жас отбасы қатысты: Балтабековтер отбасы, Қуат және Жұмабековтер отбасы.
– Отбасы – бұл ең үлкен бақыт. Бұл жаңа өмірдің бастауы, ұрпақ жалғасы және дәстүрлерді құрметтеу. Біздің қабырғаларымызда қоғамның алтын діңгегі – жаңа отбасылар пайда болып, құрылғаны қуантады. Сіздерге зор денсаулық, бақыт және амандық тілеймін – деп атап өтті ПД бастығы.
Кездесу соңында іс-шара қонақтары полиция департаментінің мұражайына барып, полиция ведомствосының тарихымен танысты.