Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте құдалық тойын өткізгендер анықталды

Шымкентте құдалық тойын өткізгендер анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері кәсіпкерлік субъектілердің карантин режимін бұзғанын анықтау және бұл жайттардың жолын кесу бойынша күшейтілген жұмыс жүргізуде.

9 қыркүйек сағат 13-25 те Еңбекші ауданы Еримбетов көшесі бойында орналасқан “Saka Grand” мейрамханасы карантин талаптарына бағынбай, құдалық тойын өткізіп жатқаны анықталды.

Аталған жайт бойынша жинақталған іс-құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Шымкент қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру