Шымкентте карантин талаптарын бұзған тамақтану орны анықталды
Шымкентте карантин талаптарын бұзған тамақтану орны анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері кәсіпкерлік субъектілердің карантин режимін бұзғанын анықтау және бұл жайттардың жолын кесу бойынша күшейтілген жұмыс жүргізуде.
11 қыркүйек сағат 23:10 да Еңбекші ауданы Тәукехан көшесі бойында орналасқан “Lavash centеr” орталығы карантин талаптарына бағынбай келушіліерді қабылдап жатқаны анықталды.
Аталған жайт бойынша жинақталған іс-құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Шымкент қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.