Шымкентте автокөліктің қозғалтқышын ұрлаған ер адам анықталды
Шымкентте автокөліктің қозғалтқышын ұрлаған ер адам анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Қаратау ауданы Полиция басқармасына «102» нөмірі арқылы жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, белгісіз біреу жеке үйінің ауласына жасырын түрде кірген. Ол аулада тұрған құны 200 мың теңге тұратын «Газель» маркалы автокөліктің қозғалтқышын ұрлап кеткендігін жазып, көрсеткен.
Қаратау ауданы Полиция басқармасы қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, жеткізілді. Оның басқа да ұрлық жайттарына қатысы бар-жоғы анықталуда. Тексеру амалдары жүргізілуде.
Осы орайда, Шымкент қаласының полицейлері тұрғындарға жеке мүлкіне сақ болуға шақырады. Егер, Сіз, ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, «102» нөміріне хабарласыңыз. Сіздің берген ақпаратыңыз, қылмыстың тез арада ашылуына өз септігін тигізетінін ескеріңіз.