Түркістан полицейлері 1,5 тонна алма ұрлаған күдіктілерді ұстады
Түркістан полицейлері 1,5 тонна алма ұрлаған күдіктілерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сайрам АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша өзіне тиесілі бау-бақшасынан белгісіз біреулер алма ұрлаған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркелген.
Хабар алысымен тәжірибелі полиция қызметкерлерінен тұратын жедел-тергеу тобы оқиға орнына шығып, тергеу амалдарын жүргізді. Көрген-білгендерден сұрастырып, нәтижесінде күдікті ретінде үш ер азаматты ұстады. Анықталғандай күдікті үшеу күндізгі уақытта күзетшілердің жоқтығын пайдаланып, қоршаудан секіріп өтіп, баудан 1,5 тоннадан астам алманы жасырын түрде жымқырып кеткен. Жалпы келтірілген шығын көлемі 450 мың теңгеге жуық. Жәбірленуші тарапқа ұрланған алмалары қайтарылды. Сонымен қатар ұсталған үш ер азаматтың бұдан басқа да ұрлық жайттарына қатыстылығы анықталуда. Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде Түркістан облысы полицейлері ұрлықтың алдын алу мақсатында өздеріңізге тиесілі ғимараттар мен аулаларға бейнебақылау камераларын орнату керектігін ескертеді. Оған қоса мүмкіндігінше жарықтандырып, дабылқаққыштар қойыңыздар. Бұл өз кезегінде ұрылардың жолын кеседі. Ал ұрлық жайтының куәсі немесе құрбаны болсаңыз, полицияның «102» нөміріне тез арада хабар беріңіздер.