Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Кірпіш алып беремін”: шымкенттікті 500 мың теңгесіз қалдырған алаяқ ұсталды

Шымкенттікті 500 мың теңгесіз қалдырған алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 қыркүйен Әл-Фараби АПБ-ның “102” нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны арызданды. Ол арызында бейтаныс адам өзін тендермен айналысамын, кірпіш шығаратын зауытым бар деп сеніміне кіріп, 20 мың кірпіш алып беремін деп, 500 мың теңге ақшасын алып, қазіргі таңға дейін қайтармай жүргендігін жазып көрсеткен. 

Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің тұрғыны анықталып, ұсталды. Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру