ШҚО-да жылдамдықты шамадан тыс асырғаны үшін 20-дан астам бұзушылық жасаған жүргізуші анықталды
ШҚО-да жылдамдықты шамадан тыс асырғаны үшін 20-дан астам бұзушылық жасаған жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Әкімшілік айыппұл қаулыларын уақтылы орындау мақсатында, облыс аумағында ағымдағы жылдың 15-17 қыркүйек аралығында, прокуратура, жеке сот орындаушылар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдермен бірлесіп, «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараны өткізудің бірінші күні Атқарушылық іс жүргізу қызметкерлерімен бірлесіп 11 млн.теңгеден астам қаражат өндіріп алынды, ал орындалмаған айыппұлдар үшін мамандандырылған тұрақтарға 40 автомобиль орналастырылды. Іс-шараны өткізудің бірінші күні Атқарушылық іс жүргізу қызметкерлерімен бірлесіп, 11 млн. теңгеден астам, ал орындалмағаны үшін өндіріп алынды.
– 15 қыркүйек – жедел алдын алу іс-шарасы кезінде тәртіп сақшылары облыс орталығында Өскемен қаласының 45 жастағы тұрғынының басқаруындағы «Lexus» маркалы көлігін тоқтатты, онда тексеру кезінде жалпы сомасы 293 450 теңгеге «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенімен автоматты режимде тіркелген 20 төленбеген ұйғарым анықталды. Барлық бұзушылықтар ҚР ӘҚБтК-нің 592-бабы (Белгіленген қозғалыс жылдамдығын арттыру) бойынша жасалған. Осыған байланысты борышкердің көлігі айыппұлдарды толық өтегенге дейін мамандандырылған тұраққа қамалды, – деді Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Ернар Базаров.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 811-бабының талаптарына сәйкес, азаматтар жеті тәулік ішінде айыппұл сомасының елу пайызын төлеуге құқылы.
Осы құқық пайдаланылмаған жағдайда, айыппұлдың толық сомасын ерікті түрде отыз тәуліктен кешіктірмей төлеуге мүмкіндігі бар.
Ерікті түрде орындау мерзімі өткеннен кейін, айыппұл сомасын мәжбүрлеп өндіру үшін жеке сот орындаушыларға немесе құқық бұзушының жұмыс орны бойынша жолданады.
Осыған байланысты, айыппұлдарды мәжбүрлеп өндіріп алуды болдырмау үшін, Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті айыппұлды уақтылы төлеуді ұсынады.