Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Азаматтарды жеке қабылдау кезінде Ішкі істер министріне қандай сұрақтар қойылды?

Ішкі істер министрі «Nur Otan» партиясының алаңында азаматтарды қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тікелей эфирде ведомство басшысына өңірлердегі тұрғындардан бейнебайланыс арқылы өтініштер келіп түсті. Олар негізінен қылмыстық істерді тергеудің сапасы мен мерзімдерін сақтауға, жоғалғандарды іздеуге, көші-қон заңнамасы мен жұмысқа қабылдау мәселелеріне қатысты болды.

Қабылдауға 2019 жылдың қазан айында Теміртау ­– Нұр-Сұлтан тас жолында жол апатынан қаза болған адамның анасы жазылды. Әйелдің айтуынша, тергеу мерзімі кешіктіріліп, іс бірнеше рет тоқтатылған екен.

Зардап шеккен тарап тікелей Министрге жүгінуінен кейін министрліктің тергеушілері жүргізген қосымша тергеу ісі нәтижесінде сотқа жолдауға мүмкіндік туған. Қорытындысында жүргізушіні бас бостандығынан айыруға үкім шығарылған.

– Біздің қайғымызға бей-жай қарамағандардың барлығына аналық алғысым шексіз. Менің 10 жасар немерем әкесіз қалды. Мен шындық пен шекпеннің абыройы сіз үшін ең қымбат нәрсе екеніне қуаныштымын!, – деп марқұмның анасы министрге және ІІМ-нің тергеу тобына алғысын білдірді.

Келесі кезекте Елорда тұрғыны АҚШ-та тұратын келінін құжаттау мәселесі бойынша өтініш білдірді. Ол Америка Құрама Штатындағы 27 жастағы келіні отбасы мүшесі ретінде уақытша тұратынын және жүктіліктің 9-шы айында екенін жеткізді.

Олар Қазақстанның Нью-Йорк қаласындағы Бас консулдығына жүгінген кезде оған жаңа төлқұжат рәсімдеуден бас тартылған, себебі бойжеткен ҚР-ның шет елдердегі мекемелері арқылы жеке басын куәландыратын құжаттар рәсімдейтін санатқа кірмейді.

Әлемдегі эпидемиологиялық жағдайды, сондай-ақ Қазақстан азаматшасының жағдайын назарға ала отырып, ІІМ Қазақстанның АҚШ-тағы консулымен Нью-Йорк қаласындағы Бас консулдықта Өтінім рәсімдеу туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Қабылдау соңында министр өтініш білдірушілерді әрбір айтылған іс мұқият зерделенетініне сендірді.Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында ІІМ-де халықпен жұмыс істеудің және қоғаммен ашық диалогтың жаңа форматтары енгізілді.

Министрдің тапсырмасы бойынша қалалық және аудандық полиция бөлімдерінде азаматтар үшін 250-ден астам қабылдау бөлмесі ашылды, онда адамдар өз мәселелерін полиция ғимаратына бармай-ақ шешуге мүмкіндік алды. Полиция жұмысының «сервистік» форматы және тұрғындар үшін құқық қорғау органдарының «қолжетімділік» қағидаты енгізілуде.

Тұрғындардың проблемаларын шешудің маңызды тетіктерінің бірі – азаматтарды қабылдау. Сондықтан ІІМ мен өңірлердегі Полиция департаменттерінде апта сайын азаматтарды қабылдау өткізіледі. Жыл басынан бері министрлік басшылығы 300-ге жуық адамды қабылдады.

Министр азаматтардың өтініштерін қарау және мәселелерін шешу бойынша жұмыстар жалпы ішкі істер министрлігінің қызметін бағалау кезінде басты көрсеткіш болып табылады деп есептейді.

– Адамдармен тікелей диалог жасаған кезде көбінесе біз шұғыл шешуге тиісті мәселелерді айқындап жатамыз. Ал азаматтардың құқықтары мен олардың қауіпсіздігін қорғаудың проблемалық мәселелерін тез арада қарау және әділ шешу – Ішкі істер органдарының барлық жүйесінің бірінші кезектегі міндеті, – деп атап өтті ведомство басшысы. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру