Ақтөбеде жеңгетайлықтың екі фактісі анықталды
Ақтөбеде жеңгетайлықтың екі фактісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысының аумағында ағымдағы жылғы 19-24 қыркүйек аралығында адам саудасына байланысты қылмыстардың алдын алуға, жолын кесуге, анықтауға және ашуға бағытталған «ЅТОР трафик» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
Жедел алдын алу іс-шарасы барысында пәтерлерді жалға беретін ойын-сауық орындары, монша кешендері, сауналар, қонақ үйлер, сондай-ақ шаруа, фермер қожалықтары мен құрылыс объектілері адамдарды пайдалану үшін тартуға, ұрлауға, бас бостандығынан заңсыз айыруға байланысты қылмыстарды ашу мақсатында тексеріледі.
Жалпы алғанда жедел алдын алу іс-шарасын өткізудің үш күнінде жеңгетайлықтың екі фактісі, қоғамдық орындарда тиісудің 10 фактісі және көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар берудің екі фактісі анықталды. Сондай-ақ екі сутенер және 10 жезөкше анықталып, есепке алынды.
«STOP трафик» жедел алдын алу іс-шарасы 24 қыркүйекке дейін өткізілетінін еске саламыз.