Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында мас трактор жүргізушісі жеңіл көлікпен соқтығысты

Ақтөбе облысында мас трактор жүргізушісі жеңіл көлікпен соқтығысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 қыркүйек күні сағат 09:30-да Самара –Шымкент автожолында МТЗ-80 тракторының 51 жастағы жүргізушісі екінші реттік жолдан шығу кезінде жол ережесін бұзып, басты жолмен келе жатқан көлік құралына жол бермей, Қобда ауданы Әлия ауылының 65 жастағы тұрғынының басқаруындағы Lada-21154 маркалы автокөлігімен соқтығысқан.

Медициналық сараптамаға сәйкес, 51 жастағы трактор жүргізушісі “мас күйінде” болған. Тексеру барысында ағымдағы жылы трактор жүргізушісі мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылған. Бірақ, осыған қарамастан, жүргізуші көлік құралын мас күйінде басқарып, жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндірді.

Тәртіп бұзушыға қатысты полиция қызметкерлері ҚР ҚК 346-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды, осы баптың санкциясы белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, төрт жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру