Қазалы ауданында ауыл тұрғындарынан тіркелмеген 2 аңшы мылтығы тәркіленді
Қазалы ауданында ауыл тұрғындарынан тіркелмеген екі аңшы мылтығы тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Республика көлемінде өткізіліп жатқан «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында ағымдағы жылдың қыркүйек айының 16-сы күні Қазалы ауданы Полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары мен Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы қызметкерлерімен бірлескен рейдтік жұмыстар жүргізілді.
Нәтижесінде, Қазалы ауданы Аранды ауылынан 1,5 шақырым қашықтықта Аранды ауылының тұрғындарынан ІІО тіркелмеген екі дана аңшы мылтығы алынды.
Анықталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 482-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттамалар рәсімделіп, аудандық сотқа жолдануда.