Шымкенттік полицейлер екі пәтер ұрысын ұстады
Шымкенттік полицейлер екі пәтер ұрысын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласының Полиция департаментіне бірнеше тұрғын пәтер ұрлығы туралы арызданған. Аталған жайт бойынша криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде екі күдіктіні ұстады.
Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тергеу жүріп жатыр. Айғақты заттар тәркіленді. Күдікті екі ер адамның қала аумағында жасалған осыған ұқсас 11 қылмысқа қатысы бары анықталды. Тескеру амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қамауда.