Психотроптық дәрілерді заңсыз тасымалдаған ресейлік Қазақстан шекарасынан шығарылды
Психотроптық дәрілерді заңсыз тасымалдаған ресейлік Қазақстан шекарасынан шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Атыраулық полицейлер өткен жылы 29 қараша күні Атырау қаласының екі тұрғыны Вокзал маңы-5 ықшамауданында ер адамнан 20 дана психотроптық дәрілерді тартып алып, оны таптап, әлеуметтік желілерде таратқанын анықтаған еді.
Сондай-ақ, полиция қызметкерлері бейнетаспадағы 33 жастағы ер адамның Ресей Федерациясының азаматы екенін де анықтады.
Сот шешімімен Ресей Федерациясының азаматы Қазақстан аумағынан шығарылды.