Тараздық полицейлер студенттерге есірткіні қолданудың зияны мен оның салдары туралы айтты
Тараздық полицейлер студенттерге есірткіні қолданудың зияны мен оның салдары туралы айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
20 қыркүйек «Қарасора-2021» республикалық жедел алдын алу шарасы аясында Жамбыл медициналық жоғары колледжінде Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ қатысуымен есірткіге қарсы тақырып бойынша бейнероликтер көрсетумен «Біздің мақсатымыз – нашақорлықтың алдын алу» атты конференция өткізді.
Конференцияның мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлыққа қарсы күресті күшейту.Кездесу барысында студенттерге есірткі және синтетикалық есірткіні қолданудың зияны мен оның салдары туралы егжей-тегжейлі айтылды. Сондай-ақ барлық қатысушыларға есірткінің заңсыз айналымы саласындағы ҚР қылмыстық заңнамасы да жеткізілді.
– Алдын алу іс-шарасының соңында Жамбыл облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қатысушыларды еліміздің азаматтары мен болашақ ұрпақтың денсаулығына қауіп төндіретін есірткінің таралуынан туындайтын жалпы проблемадан тыс қалмауға шақырды, – деді Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІҚБ бастығы Асқар Жұмабеков.