Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда автокөлік бөлшектерін “сатқан” интернет-алаяқ ұсталды

Қарағандыда автокөлік бөлшектерін “сатқан” интернет-алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 мамырда 41 жастағы қала тұрғынынан Қарағанды ​​қаласының ПБ Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне арыз келіп түсті. Ол алаяқтың әрекетінің құрбаны болғанын жеткізді.

Жәбірленушіге автокөлік саймандары қажет болған. Әлеуметтік желілерде ол тиісті жарнаманы тауып, сатушымен байланысқа шығады. Бағасына келіскен сатып алушы жеткізушіге 200 мың теңге алдын ала ақша аударған. Бірақ ешқандай автомобиль бөлшектеріне қол жеткізе алмаған. ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

18 қыркүйекте криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті – 30 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру