Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда саяжайдағы ұрлық ашылды

Қарағандыда саяжайдағы ұрлық ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 тамызда 67 жастағы қала тұрғынынан Қарағанды ​қаласының ПБ Теміржол полиция бөліміне арыз түсті. Зейнеткер саяжайға келгенде ұрының іздерін тапқанын айтты. Қылмыскер есіктің құлпын бұзып, мүлікті – газ генераторын, екі электр сорғысын, теледидарды, ұнтақтағышты және фитингтерді ұрлап кеткен. Материалдық шығын 123 мың теңгені құрады. ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

21 қыркүйекте жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 19 жастағы жас жігітті анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындады.

Полиция тергеу барысында күдіктінің осыған ұқсас екі қылмысқа қатыстылығын анықтады. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру