Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда есірткі жарнамасының 70 жазбасы жойылды

Түркістанда есірткі жарнамасының 70 жазбасы жойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының ұйымдастыруымен №4 УПП-нің учаскелік полиция инспекторлары және еріктілер бірлесіп, іс-шара ұйымдастырды. Шара барысында аталған қызметкерлер Түркістан қаласындағы көшелерге шығып, есірткі құралдары мен психотроптық заттардың жарнамасы бар граффити жазбаларын жойды. Іс-шара кезінде 70 синтетикалық есірткі жарнамасын жойған полицейлер, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатынын, оны жасағандардың жазасыз қалмайтынын жеткізді.Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері егер осындай заңсыздықтар, оған қоса есірткі жарнамалайтын сайттар анықталған жағдайда, олар заңға сәйкес жойылып, сайттар мен жазуларды жасауға қатысы бар адамдар ұсталып, жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.
Синтетикалық есірткілердің жарнамасын жасау, жазбалар қалдыру, ғаламтор арқылы жұмыс жасау үшін ҚР ҚК-нің 299-1-бабының негізінде жауапкершілік қаралған. Сондықтан қандай да бір есірткі жарнамасы мен жазбаларына куә болсаңыз тез арада “102”-ге хабарлауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру