Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде жасөспірім үш күн бойы үйіне оралмады

Ақтөбеде жасөспірім үш күн бойы үйіне оралмады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Соңғы жылдары хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеу мәселесі алаңдаушылық тудыруда.

Мысалы, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің белгісіз жоғалып кету фактілерінің көпшілігі өмір қауіпсіздігі жағдайларын елемеуден және ата-аналардың немқұрайлылығынан орын алады.

22 қыркүйекте кезекші бөлімнің “102” телефонына Ақтөбе қаласының 33 жастағы тұрғынынан қоңырау келіп түсті. Ол өзінің 2004 жылы туған кәмелетке толмаған інісінің жоғалып кеткенін мәлімдеді. Ол осы жылдың 17 қыркүйегінде сағат 18:00-де үйден кетіп, қайтып оралмаған.

Үш күн ішінде полицейлер іздестіру шараларын жүргізді, жасөспірімнің болуы мүмкін барлық жерлерін тексерді, курстастарынан, таныстарынан сұхбат алды. Жоғалған адамның белгілері бар бағдарлар патрульдік полиция нарядтарына берілді.
Үш күннен кейін 17 жастағы жасөспірім үйіне қайтып келген, ол достарының үйіне кетіп, туыстарына ескертуді мүлдем ұмытып кеткенін айтты.

Ағымдағы жылдың тоғыз айында полицияға кәмелетке толмаған баланың жоғалғаны туралы 112 хабарлама келіп түсті. Осыған байланысты Полиция департаменті ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмауды және олардың бос уақытын бақылауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру