Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақсу қаласында синтетикалық есірткімен 41 жастағы әйел ұсталды

Ақсу қаласында синтетикалық есірткімен 41 жастағы әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысының полицейлері есірткінің «бетбелгісімен» ақша табуды көздеген Ақсу қаласының тұрғынын ұстады.

– Тексеру барысында 41 жастағы әйелден синтетикалық есірткі заты бар 9 түйір табылып, тәркіленді. Салмағы шамамен бір грамм болды. Күдіктінің есірткімен дайындалған түйіншектерді түйіспесіз тәсілмен өткізу ниеті анықталды, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Қуат Түсіпбеков.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған әйел Ақсу қаласының УҰИ-не қамалды.

Полиция департаменті бүгінгі күні бірқатар қылмыстық баптарда «электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы» жаңа саралау белгісі қолданылатынын ескертеді. Бұл шаралар есірткіні таратудың жаңа әдістері үшін жазаның сөзсіз болуы үшін қажет. Бұл интернет-технологияларды – сайттар мен электрондық әлеуметтік желілерді, сондай-ақ электрондық төлем жүйелерін пайдалану. Бұл қылмыстар ауыр және аса ауыр қылмыстар санатына жатқызылған. Есірткіні электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып өткізу 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Айта кету керек, жылдың басынан бері Павлодар облысының аумағында 37 қылмыс тіркелген, оның ішінде 25-і есірткі заттарын өткізу фактілері. Заңсыз айналымнан 94 келі астам есірткі, оның ішінде 86 келі марихуана, алты келі гашиш және бір келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру