Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада «Учаске» іс-шара аясында 935 әкімшілік хаттама толтырылды

Қызылордада «Учаске» іс-шара аясында 935 әкімшілік хаттама толтырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Халық арасында ішкі істер органдарының имиджі мен беделін арттыру, азаматтармен сенімді қарым-қатынас орнату, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу және оның жолын кесу мақсатында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының ұйымдастыруымен қала көлемінде «Учаске» жедел-профилактикалық іс шарасы 1 қыркүйек пен 1 желтоқсан аралығында өткізілуде. Жүргізіліп жатқан жедел-профилактикалық іс-шараларға 284-ден астам полиция қызметкері жұмылдыруда.

Іс-шараның бір ай мерзімінде 7550 көп қабатты үйлердің пәтерлері мен 8535 жеке меншік үйлер тексеріліп, тұрғындармен танысу, визитка тарату жұмыстары жүргізілуде. Сонымен бірге, көпқабатты үйлерде жалға берілетін 148 пәтер тексерілумен қамтылып, жеті пәтер заңсыз жалға берілетіні анықталып, тексеру жүргізу мақсатында мемлекеттік кірістер басқармасына хаттар жолданды. Сондай-ақ, қалаға қарасты саяжай алқаптары, ауылдық жерлер мен елді-мекендердегі қыстақтар мен шаруа қожалықтары, құрылыс объектілері, оның ішінде тоқтатылған және тасталған объектілер, шатырлар, жертөлелер, канализациялық құдықтар мен өзге де орындар тексерумен қамтылып отыр.

Басқарманың әртүрлі санаттағы профилактикалық есебінде тұратын 1141 тұлға мекенжайлары бойынша тексеріліп, олармен құқық бұзушылықтың алдын алу барысында профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Іс-шара барысында учаскелік полиция инспекторларымен 935 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды.

Қызылорда қаласында аңшы мылтығы бар 1512 қару иелері тексеріліп, қаруды сақтау ережесін бұзған бес азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, үш аңшы мылтығы тәркіленді.

Тұрғылықты мекенжайлар жоқ азаматтарды, шетел азаматтардың көші-қон ережесін бұзу, тыйым салынған заттарды сақтау фактілерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп, іс-шара күнделікті өз жалғасын табуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру