Ақтөбе облысы аумағында «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы өтуде
Ақтөбе облысы аумағында «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы өтуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға уақтылы жүгіну көптеген мәселелерді шешудің сенімді әдісі болып табылады. Отбасылық жанжал, алкоголизм – олардан зардап шеккендердің бәрі бірдей құқық қорғау органдарының көмегіне жүгінуге дайын емес. Алайда, құқық қорғау органдарының адамдары жақсы біледі: шараларды уақтылы қабылдамау жағдайды нашарлатады. Үйдегі күш көрсететін адамнан қорғау немесе алкоголизмнен емдеу учаскелік инспекторға қоңырау шалудан басталады.
Ақтөбе облысының аумағында құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарының тиімділігін арттыру үшін ағымдағы жылдың 01 қыркүйегі мен 1 желтоқсан аралығында «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
Шара барысында учаскелік полиция инспекторлары өздеріне бекітіліп берілген әкімшілік учаскелерге халықпен танысу, сондай-ақ әртүрлі құқық бұзушылықтарға жол берген адамдарды анықтау және ішкі істер органдарында есепте тұрған адамдармен профилактикалық әңгімелесулер жүргізу үшін тексеру мақсатында аулаларды және пәтерлерді аралап шығады.
Сондай-ақ, жалдамалы пәтерлер, азаматтық қару иелері, шетелдік азаматтар, базарлар және өзге де сауда орындары, тұрмысы қолайсыз отбасылар, жастар мен кәмелетке толмағандар балалар жиі болатын орындар тексеріледі.
Бір ай ішінде учаскелік полиция инспекторлары 64 мыңға жуық пәтерді және 64 мың жеке үйлерді аралап шықты.
Тұрғылықты жері бойынша ІІО-да есепте тұрған 7 мыңға жуық адам тексерілді, сондай-ақ ІІО есебіне 455 адам қойылды, оның ішінде отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылықтарға жол бергендер – 397.
Іс-шара барысында жалға берілетін 408 пәтер анықталды, олар бойынша ақпарат Ақтөбе қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне жолданды.
Жалпы, жедел-профилактикалық іс-шара басталғаннан бері 6552 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде республикада тіркеусіз тұрғаны үшін-1350, ұсақ бұзақылық үшін-259, қоғамдық орында мас күйінде жүргені үшін – 793.
Сонымен қатар, учаскелік полиция инспекторлары жергілікті атқарушы органдардың және жұртшылықтың өкілдерін тарта отырып, проблемалық мәселелерді зерделеу және шешу үшін халықпен кездесулер өткізеді.