Алматы полициясы қонақүй бөлмелерінен ұрлық жасаған күдіктіні ұстады
Алматы полициясы қонақүй бөлмелерінен ұрлық жасаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қонақүйлердің бірінің тұрақты қонағы ұрлық туралы хабарламамен Медеу аудандық Полиция басқармасына хабарласқан. Ол 100 мың теңге көлемінде жеке заттарының жоғалғанын анықтағандығы жайында айтты.
Көрсетілген мекенжай бойынша кеткен тергеу-жедел тобы оқиға болған жерді қарап шықты. Полиция қызметкерлері ықтимал куәгерлерден жауап алып, бейнебақылау камераларының бар-жоғын тексерді.
– Іздестіру шаралары барысында қылмыстық іздестіру жедел уәкілдері күдіктіні ұстады. Бұл бұрын сотталған Түркістан облысының тумасы, 23 жастағы Б.есімді азамат болып шықты. Полиция қызметкерлері ұрланған мүлікті ішінара тәркіледі, өйткені қаскөй кейбір заттарды сатып үлгерген, – деді Медеу аудандық полиция бөлімінің бастығы Дәурен Өтебаев.
Айғақтардың ауырлығына байланысты күдікті қылмысын мойындады. Жауап алу кезінде, ер адамның құлыпты бұзып нөмірге кіргендігі, куәгерлердің жоқтығына көз жеткізіп, сату үшін бөтеннің мүлкін ұрлап кеткені анықталды. Полиция басқармасының тергеушісі ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағында көзделген қылмыс бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта ұсталған адам жасаған ұрлықтың бес эпизоды дәлелденді, бірақ полиция олардың әлдеқайда көп болуы мүмкін екендігіне сенімді. Күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілетін болады.