Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақсу қаласында заңсыз алкоголь өнімін сатқан дүкен анықталды

Ақсу қаласында заңсыз алкоголь өнімін сатқан дүкен анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 қазан күні Ақсу қаласында Астана көшесінде «Участок» профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Ақсу қаласының ПБ учаскелік полиция инспекторлары 21 жасқа толмаған адамға алкоголь өнімін сату фактісін тіркеді. Тексеру барысында полицейлер дүкен иесінің алкоголь өнімдерін сатуға лицензиясы жоқ екенін анықтады.

Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Көлемі 2000 литрден асатын 3089 бөтелке тәркіленді.

Жалпы, Павлодар облысында жыл басынан бері 90 азамат алкогольдік ішімдіктерді тиісті лицензиясыз сатқаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру