Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда ер адам өз көлігімен шатастырып, бөтен көлікті мініп кеткен

Қарағандыда ер адам басқа біреудің көлігін өз көлігімен шатастырып алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 қазанда 35 жастағы қала тұрғыны Қарағанды қаласының ПБ Орталық полиция бөліміне жүгініп, белгісіз біреудің үй ауласынан көлікті ұрлап кеткенін жеткізді. Келтірілген шығын көлемі 1 миллион теңгені құрады. Аталған факті бойынша полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері «ізін суытпай» күдікті – 27 жастағы ер адамды ұстады. Ұсталған адам басқа біреудің көлігін жүргізіп жүргенін білгенде қатты таң қалды.

Анықталғандай, ер адам өз көлігімен шатастырып, бөтен көлікті мініп кеткен. Көпқабатты үйдің ауласында маркасы мен түсі бірдей екі көлік қатар тұрған. Тіпті көліктің оталдыру кілті де бірдей болған. Тек жалғыз айырмашылық – мемлекеттік тіркеу нөмірі ғана өзгеше.

Тергеу анықтағандай, ер адам автокөлікті ұрлау ойында болмаған. Қылмыстық құрамының болмауына байланысты қылмыстық іс қысқартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру