Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шахтинск қаласында емдеу мекемесінің аумағынан ер адам көгал шапқышын ұрлап кетті

Шахтинск қаласындағы емдеу мекемесінің аумағынан ер адам көгал шапқышын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

29 қыркүйекте Қарағанды облысы Шахтинск қаласының полиция бөліміне белгісіз біреу медициналық мекемелердің бірінің аумағынан шөп шапқышын ұрлап кеткені туралы хабарлама түсті. Келтірілген шығын көлемі 36 700 теңгені құрады. ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

9 қазанда жедел-іздестіру шаралары кезінде криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 50 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол қылмысын мойындап, қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру