Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері тұрғынның малын тартып алған ер адамды анықтады

Түркістан облысының полицейлері тұрғынның малын өзінше билік етіп алып қойған күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ордабасы ауданы ПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданып келген. Онда сырттай танысы бір бас қойын өзінше билік етіп алып, 50 мың теңгеден астам шығын келтіргендігі туралы көрсеткен. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚК 389-бабы (Өзінше билік ету) бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Тәртіп сақшылары хабар алысымен оқиға орнына жедел жетті. Істің ақ-қарасын ажыратып, жәбірленушінің қойларын өзіне қайтарып берді. Белгілі болғандай жәбірленушінің қойлары Шымкент қаласының тұрғынына қарасты егістік алқапқа кіріп кеткен. Оны көрген танысы бір бас қойды өзінше билік етіп алып қойып, қайтарып бермеген. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға мұқият және өз малдарына ие болуды ескертеді. Сондай-ақ заңға қайшы іс-әрекеттерді жасауға, туындаған мәселелерді заң аясында шешуге шақырады. Егер, сіз, заңсыз әрекеттердің құрбаны немесе куәсі болсаңыз, тез арада “102” телефонына хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру