Жамбыл облысында 81 кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім полиция бөліміне жеткізілді
Жамбыл облысында 81 кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім полиция бөліміне жеткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 11-17 қазаны аралығында Жамбыл облысының аумағында 48 рейд жүргізілді, оның барысында 81 кәмелетке толмаған бала ішкі істер органына жеткізілді, 151 ата-ана мен өзге де ересектер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде:
– ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша (ата-аналардың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауы) – екі;
– ҚР ӘҚБтК 132-бабы бойынша (кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол беру) – бір;
– ҚР ӘҚБтК 200 бабы бойынша(алкоголь өнімдерін сату ережелері туралы ҚР заңнамасын бұзу) – бір;
– ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 1-бөлігі бойынша (кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуы) – бір;
– ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 2-бөлігі бойынша (кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жерде болуы) – 80.
– ҚР ӘҚБтК басқа баптары – 66.
Бір апта ішінде ішкі істер органына екі жасөспірім және екі қолайсыз отбасы есепке қойылды, онда екі кәмелетке толмаған бала тұрады. Жасөспірімдердің үйден кету деректері тіркелген жоқ.