Екібастұзда деструктивті діни ағым жақтаушысынан «гашиш» табылды
Павлодар облысында деструктивті діни ағымдардың жақтаушысынан «гашиш» табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысында деструктивті діни ағымдардың жақтаушылары 10-нан астам қылмыс жасаған. Олардың арасында ұрлық, алаяқтық, тонау қылмыстары бар.
– Мәселен, діни канондар мен қағидалары есірткі заттарын сақтауға күдіктенген Екібастұз қаласының тұрғынына кедергі келтірмеді. Ер адамды полицейлер Б. Момышұлы көшесінде ұстады. Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған зат жалпы салмағы 5,3 грамм «гашиш» есірткісі болып шықты, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі (Есірткі заттарын өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.