Ақтөбе облысында мас мотоцикл жүргізушісі жол-көлік оқиғасын жасады
Ақтөбе облысында мас мотоцикл жүргізушісі жол-көлік оқиғасын жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
19 қазан күні сағат 19.30-да «LT200-M13» мотоциклінің 30 жастағы жүргізушісі Шұбарқұдық кентінде «Ар-Әмір» супермаркетінің жанында мас күйінде автокөлік арасындағы арақашықты сақтамай, Toyota Carina автокөлігімен соқтығысқан. Әрі қарай мотоцикл соққыдан қозғалыс бағытын өзгертіп, Ваз-21150 автокөлігіне соғылған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан мотоцикл жүргізушісі Темір ауданының орталық ауруханасына жеткізілді. Белгілі болғандай, мотоцикл жүргізушісі ағымдағы жылдың маусым айында Темір аудандық сотының қаулысымен мас күйінде көлік жүргізгені үшін 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған.
Аталған факті негізінде ҚР ҚК-нің 346-бабының 2-бөлігі (КО басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі көлік құралын басқару) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.