Жезқазғанда 23 жастағы пәтер ұрысы қолға түсті
Жезқазғанда 23 жастағы пәтер ұрысы қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
27 тамызда Жезқазған қаласының ПБ-на 33 жастағы қала тұрғыны жүгінді. Ол белгісіз біреу пәтерге кіріп, ақша мен ұялы телефонды ұрлап кеткенін айтты. Келтірілген шығын көлемі 130 мың теңгені құрады.
Анықталғандай, ұры есіктің құлыпталмағанын пайдаланған. Ол дәлізге кіріп және үйде адамдардың болғанына қарамастан, сөмкеден ақша мен ұялы телефонды алып кеткен. Полиция ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғады.
19 қазанда жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 23 жастағы жас жігітті анықтап, ұстады. Ол қылмысын мойындап, қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.