Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жыл басынан бері Алматыда жүк көлігінің жүргізушілері 4 мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзған

Жыл басынан бері Алматыда жүк көлігінің жүргізушілері төрт мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері Алматы қалалық ПД патрульдік полициясының алдынғы шептегі бөлімшелерінің жеке құрамымен жүк көлігі жүргізушілерінің 4 мың 332 заң бұзушылықтары анықталды. Соның ішінде:

– ҚР ӘҚбК-нің 601-бабына сәйкес 3.4 жол белгісінің талаптарын бұзу (жүк көліктерінің қозғалысына тыйым салынған) – 1 мың 749;
– ҚР ӘҚбК-нің 590-бабы 5-бөлігі (көлік құралының техникалық жағдайы) – 1 мың 018;
– ҚР ӘҚбК-нің 590-бабы 1-бөлігі (МТНБ стандарт талаптарына сәйкес келмейді) – 149;
– ҚР ӘҚбК-нің 591-бабы, 1-бөлігі (ұялы телефонды пайдалану) – 37;
– ҚР ӘҚбК-нің 593-бабы 1-бөлігі (жүктерді тасымалдау ережелерін бұзу) – 36;
– ҚР ӘҚбК-нің 593-бабы 2-бөлігі (қауіпсіздік белбеуін тақпаған) – 84;
– ҚР ӘҚбК-нің 594-бабы 1-бөлігі (қиылысты кесіп өту ережесін бұзу) – 68;
– ҚР ӘҚбК-нің 595-бабы 1-бөлігі (маневр жасау ережелерін бұзу) – 93;
– ҚР ӘҚбК-нің 602-бабы 1-бөлігі (сыртқы жарықтандыру құрылғыларын пайдалану ережелерін бұзу) – 109;
– ҚР ӘҚбК-нің 630-бабы (жолға кірді шығару) – 226;
– ҚР ӘҚбК-нің 620-бабы (қалдықтарды шығару) – 71 әкімшілік хаттама;
– ҚР ӘҚбК-нің 334-бабы, 1-бөлігі (ластаушы заттардың нормасынан асып кету) – 53;
– басқа да жол қозғалысы ережелерін бұзу бойынша 469 әкімшілік хаттама толтырылды.

– Сонымен қатар, патрульдік полиция көліктік бақылау инспекциясымен бірлесе отырып, Алматы қаласының жолдарында көлік тасымалдаушылардың белгіленген рұқсат етілген салмақ пен габариттік параметрлерге сәйкес келуін қамтамасыз ету үшін рейдтер жүргізуде. Көліктік бақылау Инспекциясына қаланың кіреберісінде жүргізушілерге шара қолдану үшін заң бұзушылық туралы ақпаратты жіберетін жүк көлігінің салмақ өлшегіштерін орнату бойынша мәселені қарау туралы ұсыныс енгізілді, – дейді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру