Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері көлік басқару құқығынан айырылған жүргізушіні ұстады

Ақмола полицейлері көлік басқару құқығынан айырылған жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 қазанда «Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» автожолының 22 шақырымында Ақмола облысы ПД патрульдік полиция ротасының инспекторлары Альнұр Умурзаков және Аман Кульбаев Степногорск қаласының 33 жастағы тұрғыны басқарған ВАЗ-21214 маркалы автокөлікті тоқтатты.

Жүргізушіден алкогольдің өткір иісі сезілді. Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, жүргізуші «жеңіл дәрежеде» мас күйінде болған. Сондай-ақ бұл азаматтың ағымдағы жылдың қаңтарында 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Автокөлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды.

ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігі (Көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Жүргізуші Целиноград ауданының УҰИ-не қамалды. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру