Балқашта браконьерге 3 жылға бас бостандығын шектеуге үкім шықты
Балқашта браконьерге 3 жылға бас бостандығын шектеуге үкім шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
29 сәуірде “Браконьер” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Қарағанды облысы Балқаш көлінің Бертіс шығанағында полицейлер 32 жастағы ер адамды ұстады. Моторлы қайық пен торды қолдана отырып, ол заңсыз балық аулаумен айналысқан. Полицейлер одан ұзындығы 127 келі көксерке, 300 метрлік балық аулау торын тәркіледі. Келтірілген зиян көлемі 656 мың теңгені құрады.
Бұл факті бойынша полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабы (Балық ресурстарын, басқа су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу) бойынша қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, қылмыстық іс Балқаш қалалық сотының қарауына берілді.
Сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған үш жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, сотталғаннан мемлекетке кіріс ретінде 656 мың теңге көлемінде келтірілген материалдық шығын көлемі өндірілді.