Қызылордада рейд барысында табиғат қорғау заңнамаларын бұзудың 55 дерегі тіркелді
Қызылордада рейд барысында табиғат қорғау заңнамаларын бұзудың 55 дерегі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазан айының 11 мен 19 қараша күндері аралығында облыс көлемінде «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Іс-шараның басты мақсаты – табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға және жолын кесуге, экологиялық қылмыстарды ашуға бағытталған.
Жүргізілген рейдтік шаралардың барысында полицейлермен 5 күнде табиғат қорғау заңнамаларын бұзушылықтың барлығы – 55 дерегі тіркелді. Оның ішінде 1 қылмыстық және 54 әкімшілік құқық бұзушылықтар.
ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы (Жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзу) бойынша– 33 дерегі анықталды, ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы 1,2,3,4-бөліктері (Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу) 19 дерегі тіркелді.
ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабының 1-бөлігімен (Азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын иелену, беру,есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өткізу тәртібін бұзу) – 2 әкімшілік хаттама толтырылып, әкімшілік айыппұлдар салынды.
Мысалы, 19 қазан күні Қызылорда облысы Арал ауданы Тастүбек елді мекені «Кіші Арал» теңізі жанында 634 кг заңсыз балық аулаған 4 аудан тұрғыны ұсталды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 335-бабы 3-бөлігімен (Заңсыз балық аулау қағидасын бұзу дерегі) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.