ШҚО полицейлері ауыл тұрғындарынан қару-жарақ арсеналын тәркіледі
ШҚО полицейлері ауыл тұрғындарынан қару-жарақ арсеналын тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ШҚО Полиция департаментінің қызметкерлері «Учаске» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ атыс қаруын заңсыз айналымнан алу бойынша тиісті іс-шаралар жүргізуде.
Ағымдағы жылдың 16 қазанында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Күршім ауданы тұрғындарының бірі қаруды заңсыз сақтағаны туралы жедел ақпарат түсті.
Тексеру барысында 60 жастағы аудан тұрғыны анықталды, оның үйінен екі мылтық, сондай-ақ гильзалар мен патронташ тәркіленді.
Жүргізілген сараптама қорытындысына сәйкес алынған қару – «Тоз-16», калибрі 5,6, ойық, атысқа жарамды, екіншісі – «ИЖ-18 М», калибрі 16, тегіс ұңғылы, атысқа да жарамды екенін көрсетті.
ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев атап өткендей:
– Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған азаматта қарудың болу мән-жайлары анықталуда, тергеу нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Сонымен қатар, Полиция департаменті тіркелмеген қаруды полицияға өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын ескертеді.