Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Белгіленбеген орындарда темекі шеккен 500-ге жуық павлодарлық анықталды

Белгіленбеген орындарда темекі шеккен 500-ге жуық павлодарлық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері Павлодар полицейлері белгіленбеген орындарда темекі шеккені үшін 500-ге жуық құқық бұзушыны жауапқа тартты. Осы баптың нормалары темекі өнімдерін тұтынудың алдын алуға және шектеуге, соның салдарынан халықтың денсаулығын қорғауға бағытталған. Темекі шегуге рұқсат етіледі, бірақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы белгіленген талаптарға сәйкес, арнайы жабдықталған орындарда ғана рұқсат.

Кезекті рейд барысында учаскелік полиция инспекторымен Академик Бектұров көшесі, 115 үйдің кіреберісінде шылым шеккен 40 жастағы павлодарлық ұсталды, ол тіпті көршілерінің шағымдарын елемеген.

Басқа жағдайда, әйел қалалық саябақтардың бірінде серуендеп, темекі шегіп, тротуарға темекі тұқылын лақтырған. Бұл әрекетке ашуланған азаматтар полицияға қоңырау шалды.

Белгіленбеген орындарда темекі өнімдерін пайдаланатын азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Осы бап қайталап бұзылған жағдайда бір жыл ішінде алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеуге тура келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру