Велосипед ұрысы Алматыдағы бейнекамералардың объективіне түсіп қалды
Велосипед ұрысы Алматыдағы бейнекамералардың объективіне түсіп қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шаһарда бірнеше велосипед ұрлаған күдікті азамат ұсталды. Қаскөйді тек екі дөңгелекті көліктер қызықтырды.
– Біздің бөлімшеге үш жергілікті тұрғын велосипедтерінің ұрланғаны туралы арызбен жүгінді. Біраз уақыттан кейін бұл қылмыстарды жасағанын мойындаған 23 жастағы Павлодардан келген азамат ұсталды. Жас жігіт көпқабатты үйлердің кіреберістерінен екі велосипедті алып шыққан. Үшінші велосипедтің ұрланғаны сауда орталығының бейнекамерасына түсіп қалған. Алайда «оңай ақшаны ұнататын» азамат одан құтылып үлгірмеді: ол ұрланған мүлікті жасырды, бірақ олжаны жымқыра алмады: велосипед тәркіленді және қылмыстық іс материалдарына айғақ ретінде енгізілді, – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.
Күдікті бұрын осындай қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Сотқа дейінгі тергеу аралығында күдікті бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алынды. Оның осыған ұқсас ашылмаған қылмыстарға қатыстылығын тексеру жұмыстары жүргізілуде.