Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды ​​облысында 159 келі балық аулаған екі браконьер ұсталды

Қарағанды ​​облысында полицейлер жалпы салмағы 159 келі балық аулаған екі браконьерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 қазанда «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Қарағанды ​​облысы Балқаш қаласының аудандарының бірінде полиция қызметкерлері 30 жастағы ер адам басқарған автокөлікті тоқтатты. Осы көліктің салонын қарау барысында салмағы 66 келі болатын жаңа ауланған балық табылып, тәркіленді. Келтірілген шығын көлемі 313 мың теңгені құрады.

Келесі күні Балқаш көлінде 34 жастағы ер адам мінген моторлы қайық ұсталды. Полицейлер қайықтан 92 келі жаңа ауланған балық тауып, тәркілеген. Бұл жағдайда келтірілген шығын көлемі 293 мың теңгені құраған.

Барлық фактілер бойынша Балқаш қалалық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабы (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру) бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру