Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясының консультативтік-кеңесші органы учаскелік инспекторлардың жұмысын сараптады

Алматы полициясының консультативтік-кеңесші органы учаскелік инспекторлардың жұмысын сараптады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ККО отырысы Алматы қаласы ПД-де оффлайн режимінде өтті. Күн тәртібінде учаскелік полиция инспекторларының қызметтік қызметін ұйымдастырудың өзекті мәселесі қаралды.

– Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында “Полиция жақын маңда” қағидаты бойынша жергілікті полиция қызметін реформалау қажеттілігін атап өтті, мұнда негізгі рөл учаскелік полиция инспекторына жүктеледі, олар азаматтар үшін танымал, қолжетімді, беделді болуға, олардың құқықтарын белсенді түрде қорғауға тиіс. Осыны ескере отырып, Ішкі істер министрлігі шетелдік тәжірибені пайдалана отырып, жергілікті полиция қызметін реформалау жұмыстарын жүргізуде, учаскелік полиция инспекторларының бірқатар өкілеттіктерін кеңейту және өзгерту жоспарлануда. “Полиция жақын маңда” қағидатын орындау мақсатында шілде айының басынан бері ҚР ІІМ Алматы қаласы бойынша учаскелік полиция инспекторларының штатын 113 бірлікке арттырды, – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов.


Баяндамашы полиция қызметінің қызметтік моделін жүзеге асыру және учаскелік полиция инспекторларының халықпен байланыс орнату мақсатында ПД-нің “Facebook” әлеуметтік желісінде 102 аға учаскелік полиция инспекторын тіркеу бойынша жұмыстар жүргізгенін атап өтті. Барлығы 470 мыңнан астам азамат УПИ парақшасына жазылды.

 

Әкімдіктің қолдауының арқасында биыл жергілікті полиция қызметкерлеріне 432 планшет пен бейнетіркегіш сатып алынды. Бұл техникамен жабдықтау әкімшілік хаттамаларды ресімдеу уақытын қысқартуға, құқық бұзушыларды қолда бар жазбалар бойынша тексеру процесін жеделдетуге, сондай-ақ, жеке құрам арасындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға мүмкіндік берді.

– 41 стационарлық модульдік полиция посты орнатылды, бұл азаматтардың өтініштеріне жедел ден қоюға мүмкіндік беріп, алдын-алу жұмыстарының тиімділігін арттырды. Стационарлық полиция бекеттеріне 7 129 азамат көмек сұрап жүгінген. Жыл басынан бері Алматы қаласының учаскелік инспекторлары 4 441 қылмыстық құқық бұзушылықты анықтап, 75 мыңнан астам азаматтардың шағымдары мен арыздарын, сондай-ақ “102” пультіне түскен қоңырауларды қарады. 60 мыңға жуық құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Қанат Таймерденов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру