Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полицейлер Эйфель мұнарасынан секірмек болған ер адамды құтқарды

Алматыда полицейлер Эйфель мұнарасынан секірмек болған ер адамды құтқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«102» пультіне дабыл түнгі уақытта келіп түсті. Қоңырау шалғандар белгісіз ер адамның Назарбаев пен Абай даңғылдарының қиылысында орналасқан мұнарадан секірмекші болып тұрғанын хабарлады.

– Біздің түсірілім тобымыз оқиға орнына алғашқылардың бірі болып жетті. Осы кезде «Француз үйінің» күзетшісі жоғарыға көтеріліп, ер адаммен келіссөздер жүргізіп жатқан, ал «Буран-160» экипажының патрульшілері төменде тұрып, өтіп бара жатқандармен бірге секірмекші болған адам ойындағысын жүзеге асыратын болса деп тентті созды. Ыңғайлы сәтті күтіп, жоғары көтерілдім. Артынан жасырынып барып, күзетшімен бірге ер адамды ұстап алдық, оның өз-өзіне қол жұмсауға бағытталған әрекеттеріне тосқауыл қойдық. Сосын оны баспалдақпен төмен түсірдік. Белгісіз адам қатты алкогольдік масаң күйде болды, өз әрекетінің себебін нақты түсіндіре алмады. Патрульдік экипаж оны тергеу үшін Бостандық аудандық Полиция басқармасына әкелді, – деді Алматы қалалық ПД Ішкі және сыртқы коммуникациялар басқармасының (Баспасөз қызметі) қызметкері Талғат Сейілбаев.

Ер адамның жеке басы анықталды. Бұл – 1977 жылы туған, нақты тұрғылықты жері жоқ М.есімді азамат. Есін жиған ол, тәртіп сақшыларына өз өміріне байланысты осындай қадамға баруға шешім қабылдағанын айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру